Электр энергиясы қымбаттап жатыр
Электр энергиясы қымбаттап жатыр
Фото: newsivanovo.ru
211
оқылды

Электр энергиясын тұтыну көрсеткіші бірден 7%-ке артты. Биыл ІІІ тоқсанда электр энергиясын өндіру 83,6 млрд кВт/сағат болды. Былтырмен салыстырғанда 7,7%-ға артық.

Энергия өндіру Атырау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында артқан. Өзге аймақтар энергияға тапшы. Өндіруге қарағанда, тұтыну үлесі бірнеше есе көп. Ең көбі Қызылорда (жылына 16,5%-ға), Батыс Қазақстан (14,3%-ға), Ақмола (14,2%-ға), Түркістан (12,7%-ға) және Алматы (11,4%-ға) облыстарында артқан. Ал ең жоғары жылдық өсім Батыс Қазақстан (28%-ға), Түркістан (15%-ға) және Ақмола (13%-ға) облыстарында екені белгілі болды. Биыл 9 айда электр энергиясы орташа есеппен 6,2%-ға жоғарылады.

Бұған дейін Президент Энергетика министріне тапшылық пен қымбатшылықтың алдын алуға тапсырма берген еді.