Исламхан баратын клуб пен келісімшарт туралы белгілі болды

Исламхан баратын клуб пен келісімшарт туралы белгілі болды

Vesti.kz редакциясының ақпараты бойынша Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанып, сол жерде жергілікті «Аль-Айн» клубымен келісімшартқа қол қояды. Исламхан бірінші медициналық тексерістен өтеді, осыдан кейін ол клубпен бес айға келісімшарт жасайды. «Аль-Айн» БАЭ-нің 13 дүркін чемпионы. 2018 жылы команда клубтық әлем чемпионатының финалында ойнап, мадридтік «Реалдан» ғана ұтылды (1:4). Еске салайық, Исламхан «Қайраттан» еркін агент ретінде кетіп, ресейлік «Зенитте» бақылау ойындарына барған, алайда, клуб пен ойыншы келесімшарт жасаспады.