Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораздың айтуынша, тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды.
Ішкі істер министрлігінің жедел тергеу тобы еліміздегі ең ірі қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. QUESTRA WORLD-ды құрған алаяқтар ісі сотқа берілді.Оның айтуынша, салымшылардың қаражаты кәсіпкерлікке пайдаланылмаған. Салымшылар 1 млрд теңгеден астам шығынға ұшыраған. Қылмыстық іс бойынша 4 адам, оның ішінде бұрын Беларусьтан экстрадицияланған Ресей азаматы да жауапқа тартылды.«Тергеуде 2016 жылдың наурызынан 2017 жылдың маусымына дейін Испания, Кабо-Верде және Ресей азаматтары Қазақстан аумағында QUESTRA WORLD қаржы пирамидасын құрып, қазақстандықтар да тартылған трансұлттық ұйымдасқан топ құрамында басқарғаны анықталды. Пирамида басшылары салынған соманың 336% дейін табыс табуға кепілдік беріп, салымшыларға виртуалды валютаны пайдалану арқылы 90-нан 500 мың еуроға дейінгі ойдан шығарылған инвестициялық портфельдер сатып алуды ұсынған», – деді Нұрділдә Ораз.
Бұған дейін өнер жұлдыздары жарнамалаған қаржы пирамидасы туралы жазған болатынбыз.