Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Қазақстанның 5 облысында жедел тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Ведомствоның хабарлауынша, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Түркістан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола және Ақтөбе облыстарында жедел тергеу шаралары жүргізілді.
«Ұсталғандардың барлығы ауыл шаруашылығына арналған субсидияны жымқырған», – делінген хабарламада.Оқиғаның мән-жайы туралы деректер кейін хабарланады.