Алматыда карантин жеңілдеді
Алматыда карантин жеңілдеді
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев
Алматыда «сары» аймақ нормалары күшіне еніп, 1 қарашадан бастап «қызыл» аймақтың карантин шектеулері алынып тасталды. Бұл туралы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, Алматы қаласының «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өткеніне жеті күн болды. Осыған орай, карантин шектеулері жеңілдейді. Барлық талап Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері қаулысында көрсетілген. Аталған қаулыға сәйкес, «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарына сәйкес барлық объектілерінің жұмысына: жұмыс күндері – «Ashyq» жобасына қатысушы барлық объектілер үшін сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 02.00-ге дейін; демалыс күндері – сағат 02.00-ге дейін, қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 02.00-ге дейін рұқсат етіледі. Алматы 25 қазанда «сары» аймаққа өткен болатын.