Сауд Арабиясында тас жолы мен автокөлігі болмайтын жаңа қала құрылысы басталды
Сауд Арабиясында тас жолы мен автокөлігі болмайтын жаңа қала құрылысы басталды
Фото: NEOM
353
оқылды

Сауд Арабиясы Қызыл теңіз жағалауынан Табук провинциясының астанасына дейін 170 шақырымдық ұзын қала салмақшы. Жаңа қала тұрғындар мен туристерді 2024 жылы қабылдай бастайды.

Түзу сызық түрінде болатын жаңа қала құрылысы басталды. Онда автожолдар мен автокөліктер болмайды. Барлық транспорт жерасты және жылдам болады. Бұл туралы жоба жетекшісі Надми Аль-Наср Bloomberg-ке берген сұхбатында айтты. Қазір онда жерасты көлік инфрақұрылымын салу үшін құмды жылжыту жұмыстары басталған. Оған 1500-ден астам құрылысшы жұмылдырылған. [caption id="attachment_168730" align="aligncenter" width="1048"]The Line қаласы, Сауд Арабиясы Фото: NEOM[/caption] Жаңа қаланың жобасын Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед ибн Салман 2021 жылдың басында ұсынды. Оның айтуынша, қала құрылысына 500 миллиард доллар жұмсалады. Жерасты жолымен қаланың басынан аяғына дейін 20 минут ішінде кесіп өтуге болады. The Line қаласы энергияны тек жаңартылатын көздерден алады. Bloomberg-тің хабарлауынша, Сауд Арабиясының ханзадасы Қызыл теңіздің солтүстік-батыс жағалауындағы аймақты технологиялық хабқа айналдыруға ниетті. Бұл оның мұнай экономикасынан біртіндеп бас тартуды, әлеуметтік шектеулерді жеңілдетуді және шетелдік инвестицияларды ұлғайтқысы келетінін білдіреді.