30 қазан күні сағат 23:18-де қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне Абай ауданы Гагарин көшесіндегі бесқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатынан баланың құлағаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына Шымкент Төтенше жағдайлар департаменті мамандары шығып, 2017 жылы туған баланың ата-анасының қарауынсыз қалғанын және баспалдақ аралығының терезесінен құлап кеткенін анықтады. Шұғыл түрде ауыр жағдайдағы бала ауруханаға жеткізілді, бірақ, өкінішке қарай, сәби қайтыс болды, − делінген Шымкент ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.Жыл басынан бері Шымкентте балалардың терезеден құлауының жеті жағдайы тіркелді. Төрт жағдайда балалар қайтыс болып, үшеуінде жарақат алды.