Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК Қазақстаның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. Нұр-Сұлтанда 2 қарашада кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз жаяу бұрқасын соғады. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с болады. Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жылдамдықпен жел соғады. Көкшетауда түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Алматы облысының солтүстік-шығысында жел батыстан соғып, күші секундына 15-20 метрге жетеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Оралда түнде және таң ата тұман түседі. Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында нөсер жауын жауады. Облыстың солтүстік жартысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қазақстанның солтүстігінде, шығысында Қарағанды облысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Қарағандыда көктайғақ болады. 2 қараша күні күндіз Қызылорда облысының орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күші секундына 15-20 метрге жетеді. Қостанай облысының солтүстік жартысында көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын болады. Батыстан жел соғып, солтүстік-шығысқа ауысады, күші облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 метрге жетеді. Қостанайда көктайғақ болады. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Павлодар облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ, бұрқасын, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке ауысады, өңірдің оңтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жел сақталады. Павлодарда 2 карашада түнде және таңертең көктайғақ болып, жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғады. 2 қарашада түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында күші 15-20 м/с болады. Петропавлда 2 қарашада көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.