Абылайхан Жүсіпов поляк боксшысын жеңді
Абылайхан Жүсіпов поляк боксшысын жеңді
Фото: sports.kz
Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында қазақстандық Абылайхан Жүсіпов кезекті жекпе-жегін сәтті өткізді. Абылайхан Жүсіпов 1/8 финалда (67 келі) поляк Дамиан Дуркачпен кездесті.  Қарсыласына дөп тигізген соққылары нәтижесінде төрешілер бірауыздан оның жеңгенін мақұлдап, ширек финалға шықты. Қазақстандық боксшы бұған дейін венесуэлалық Кристиан Паласио және Тайбэйден келген Ю Линьді жеңген еді.