Павлодарда көлік үй қоршауын бұзып өтті
Павлодарда көлік үй қоршауын бұзып өтті
Фото: instagram.com/tipavlo
Павлодарда жол апатынан екі көліктің жолаушысы мен өтіп бара жатқан адам зардап шекті. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бүгін, 1 қараша күні сағат 08.40-та «ВАЗ-2110» маркалы автокөліктің 21 жастағы жүргізушісі М.Горький көшесі мен Абай көшелерінің қиылысында жол ережесін бұзып, «Хонда» маркалы автокөлігімен соқтығысқан.
"Соққыдан «ВАЗ» жүргізушісі жеке тұрған үйдің қоршауына соғылған, қоршау өтіп бара жатқан адамның үстіне құлаған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан павлодарлық тұрғын жарақатпен ауруханаға жеткізілді. «Хонда» жүргізушісінің әйелі мен қызы медициналық көмекке жүгінді", – дейді департаментте.