Алматыда пышақ ұстаған үш ер адам жаппай төбелес шығарды

Алматыда пышақ ұстаған үш ер адам жаппай төбелес шығарды

Алматыда пышақ ұстаған үш адам көліктердің төбесіне шығып алып секірген. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға «Ақбұлақ» шағын ауданында болды. Үш жас жігіт көліктің төбесіне шығып алып секірген. Оларға ескерту жасағандарға пышақпен сес көрсеткен. Оның арты төбелеске ұласты.

«Бұзақылардың бірін полицейлер ізін суытпай ұстады. 19 жастағы күдікті мас болды. Сонымен қатар, ол бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған. Тәртіп сақшылары оқиға орнын қарау барысында үш пышақ тапты. Заттай дәлелдер іс материалына тіркелді», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталады.
https://www.youtube.com/watch?v=b5OOPrFt5UU&feature=emb_title