Сәкен Бибосынов үндістандық қарсыласын жеңіп, ширек финалға шықты

Сәкен Бибосынов үндістандық қарсыласын жеңіп, ширек финалға шықты

Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Сәкен Бибосынов кезекті жекпе-жегін сәтті өткізді. 51 келіде сынға түскен Бибосынов 1/8 айналымда үндістандық Дипакпен кездескен болатын. Тартысты жекпе-жекте Сәкен Бибосынов 5:0 есебімен жеңіске жетті. Бүгін тағы екі боксшымыз шаршы алаңға шығады. Олар – Санатәлі Төлтаев (63,5) келі және Нұрбек Оралбай (80 келі).