Әлем чемпионаты: Санатәлі Төлтаев украиналық қарсыласын жеңді
Әлем чемпионаты: Санатәлі Төлтаев украиналық қарсыласын жеңді
Қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев Белградта өткен әлем чемпионатының 1/8 финалында сәтті өнер көрсетті. 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Төлтаев Еуропа жастар чемпионатының күміс жүлдегері атанған украиналық Денис Песоцкиймен кездесті. Жекпе-жек Төлтаевтың жеңісімен аяқталды. Санатәлі Төлтаев 2021 жылғы әлем чемпионатының ширек финалына шыққан Қазақстанның тоғызыншы боксшысы.