Нұрбек Оралбай ширек финалда бақ сынайды

Нұрбек Оралбай ширек финалда бақ сынайды

Бокстан Белградтағы әлем чемпионатында кезекті жарыс күні аяқталды. Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай ширек финалға өтті. Тартысқа толы өткен жекпе-жекте Нұрбек венгриялық Пал Ковачты айқын басымдықпен жеңді. Қорытынды есеп – 5:0. Айта кетейік, бүгін өнер көрсеткен алты қазақстандық боксшының алтауы да ширек финалға жолдама алды.