Димаш жапондық  NHK Music Special бағдарламасына қатысады
Димаш жапондық  NHK Music Special бағдарламасына қатысады
Фото: Яндекс

Димаш Құдайберген 11 қараша күні өтетін Жапонияның танымал әншісі, әйгілі Autumn Strong (Don’t Go) композициясының авторы Коджи Тамакиға арналған NHK Music Special бағдарламасына қатысады.

NHK Music Special – әр ай сайын белгілі орындаушылар мен музыканттар шақырылатын танымал бағдарлама. Оның қарашадағы кейіпкері – жапондық әнші Коджи Тамаки. Ол жапондық музыка индустриясындағы үздік орындаушы. Әртістің теледидардан көрінбей, сұхбат бермегеніне біраз болған, сондықтан оның қатысуымен өтетін бұл шығарылым ерекше болмақ. Былтыр Коджи Тамаки Rural оркестрімен шығып, 24 жылда алғаш рет Kouhaku Uta Gassen музыкалық фестиваліне қатысқан. Оның тамаша әншілік қабілеті мен оркестрмен бірігіп өнер көрсетуі Жапонияда талқыланған үлкен тақырыпқа айналған. Коджи Тамаки оркестрмен 2015 жылы өнер көрсете бастаған. Олар жапондық аудиторияның қошеметіне бөленді. 11 қарашада әртіс NHK телеарнасына эксклюзивті сұхбат береді. Сондай-ақ бағдарламаға онлайн режимде қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген қатысады. Димаш 2017 жылы Қытайда өткен I am Singer байқауында Коджи Тамакидің Autumn Strong (түпнұсқа атауы Don’t Go) әнін орындаған болатын. Бағдарлама барысында қазақстандық әнші шағын сұхбат беріп, бұл композицияның ерекшелігі жайлы баяндап береді. NHK Music Special бағдарламасы 11 қараша күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:30-да көрсетіледі. Ретрансляция 16 қараша күнгі сағат 21:48-де өтеді.