Терроризмді қаржыландыруға қарсы заң жобасын қарайды
Терроризмді қаржыландыруға қарсы заң жобасын қарайды

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 2021 жылғы 4 қарашада өтетін Сенат отырысында қарауға ұсынылған күн тәртібін бекітті.

Соған сәйкес палатаның ал­дағы жалпы отырысында «Қа­­зақ­стан Республикасының кей­бір заңнамалық актілеріне қыл­мыстық жолмен алынған кіріс­терді заңдастыруға (жы­лыс­та­туға) және терроризмді қаржы­ландыруға қарсы іс-қимыл мә­селелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қа­ралады. Заң жобасы кірістерді жы­лыстатуға және терроризмді қар­жыландыруға қарсы іс-қи­мыл мәселелеріне қатысты заң­на­ма­ларды, сондай-ақ ұлттық қа­уіп­сіздікті қамтамасыз ету жү­йесін жетілдіруді көздейді. Осы құжат арқылы жария лауа­зымды тұл­ғалар іске асыратын опера­циялар бақылауға алы­на­ды. Яғни, жа­уапты мемлекеттік лауазымдағы және мемлекеттік мекемелерде немесе квазимем­лекеттік сек­торларда басқару қызметін атқа­ратын азамат­тар­дың операция­лары бақылауда болады. Сонымен қатар бюро мүше­лері «Ауыл шаруашылығын да­мытудың өзекті мәселелері мен перспективалары» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау­ға дайындық барысын пысық­тады. Аталған іс-шара биылғы 3 желтоқсанда өткізіледі деп жоспарланып жатыр. «Парламенттік тыңдауда Мемлекет басшысының Жол­дауында айтылған ауыл шаруа­шылығын дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланады. Осы саладағы жаһандық сын-қатерлер мен әлемдік трендтерге де назар аударамыз. Жақында Президентіміз Ұлттық жобалар тізбесін бекітті. Жобалардың бірі агроөнеркәсіптік кешенді да­мытуға арналғаны белгілі. Тың­дау кезінде аталған Ұлттық жо­баны тиімді жүзеге асыру мә­селесі де назардан тыс қалмайды. Сондықтан бұл іс-шараны жоға­ры деңгейде және мазмұнды түр­де өткізуіміз керек», – деді Мәулен Әшімбаев.  

А.СҰЛТАН