Әуесқойлар турнирі басталды
Әуесқойлар турнирі басталды
155
оқылды

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкентте футбол турнирі басталды. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген бұқаралық спортты дамыту бағытына орай ұйымдастырылған шараға  әуесқой спортшылар қатысып жатыр.

Қалалық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы фракция­сының мүшесі, спорт жанашыры Байкен Әшірбаев ұйымдастырған тур­нирдің ашылуына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов, «Nur Otan» партиясы қа­лалық филиалы төрағасының бірін­ші орынбасары Ж.Бектаева, «Nur Otan» партиясы қалалық фи­лиалы төрағасының орынба­сары Б.Төлегенов және Еңбекші ауданы филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Реметов қатысты. Елбасы, «Nur Otan» партия­сы­ның Төрағасы Нұрсұлтан Назар­баев спортқа зор көңіл бөліп, бұл са­ла­ны әрдайым мемлекеттік маңызы ба­сым бағыттар санатына қосып ке­леді. Қоғамды алға жетелеуде жә­не ұлттық стратегиялық мүд­де­лерді көтеруде бұқаралық спорт маңыз­ды орын алады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды екенін, сондай-ақ спорт инфрақұрылым­дары­ның балалар үшін барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керегін айтқан болатын. «Nur Otan» партиясының сай­лауал­ды бағдарламасында бұ­қара­лық спортты дамыту мәселесі ай­рық­ша көрсетілген. Биыл сай­лауал­ды тұғырнаманың «Бұқара­лық спортты дамыту» бағыты бойын­ша Шымкентте 7 стрит-вор­каут алаңшасы ашылды. Сон­дай-ақ бюджет есебінен 101, демеушілер есебінен 14 спорт алаңшасын ашу бойынша жұмыс жал­ғасып жатыр. Жалпы, Шым­кент­те қазір 37 спорт секциясы жұ­мыс істеп тұр. Биыл жеке ин­весторлар есебінен 1 200 орындық 2 спорт кешені ашылды.  

Д.АСАУ