9 айда жоспардың бестен бірі орындалды
9 айда жоспардың бестен бірі орындалды
119
оқылды

Ақмола облысы Аршалы ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың Жол картасында 118 іс-шара белгіленген болса, бүгінде оның 22-сі орындалды, бұл барлық іс-шараның 18,6 %-ы. Оның екеуі, тіпті мерзімінен бұрын орындалған. Бұған партиялық бақылаудың арқасында қол жеткізілді деп ауыз толтырып айтуға болады.

уыл шаруашылығы сала­сын­да жүзеге асырылған жоба­лар­ға тоқталатын болсақ, ау­дан­­да мал шаруашылығын да­мыту аясында 3 жоба іске ас­қан. Нәтижесінде, «Сартай-Агро» серіктестігінің 100 басқа ар­налған сүтті фермасы ашыл­ды. Ал Жалтыркөл ауылында жы­лына 6 мың тонна құс етін өң­дейтін «Ақ-Дала Агро» серік­тес­тігінің құс фабрикасы іске қо­сылды. Жоба құны 11 млрд тең­ге. Жол картасы аясында жү­зе­ге асырылған жоба 150 жаңа жұмыс орнының ашылуы­на себеп болды. Италиялық Officine Facco ком­паниясы шығарған 6 құс ғи­мараты бүгінде пайдалануға берілді. Дайын өнім елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы мен Қара­ғанды, Ақмола облыстарына және жақын-алыс шетелге шы­ғары­лады деп жоспарлан­ған. Аграрлы өңір болғандықтан, өнім сапасын арттыруға, егістік ал­қабын күтіп ұстап, өнімділікті арт­тыруға мән беріледі. Сон­дық­тан биыл 3 репродукциядан тө­мен емес тұқыммен себу алаңын ұлғайту деңгейі 82%-ға жет­кізілді. Минералды тыңайтқыш­тар­ды қолдану пайызы да ар­тып келеді. Мәселен, биыл ми­­­­нералды тыңайтқыштар 23 мың гектар жерге сіңірілген. Ал өсімдіктерді қорғау құ­рал­дары 100%, яғни 171 560 гек­тар жерде қолданылды. Жалпы, «Nur Otan» пар­тия­сының сайлауалды бағдар­ла­ма­сын жүзеге асырудың Ақ­мола об­лыстық Жол картасы осы жыл­дың 9 айының қорытын­ды­сы бойынша 40%-ға орын­далды. Жуырда Жол картасы ая­сын­­да Аршалы ауданының ор­­талығында 88 адамға шақ­тал­ған денешынықтыру-сауық­тыру кешені іске қосылды. За­ма­науи талапқа сай салынған ке­шенде әмбебап спорт залы, киі­нетін, жуынатын каби­нет­тер, сондай-ақ тренажер залы бар. Кешен Елбасының сала­мат­­ты өмір салтын қалып­тас­тыру, тұрғындардың спортпен барынша көбірек айналысуы жөніндегі тапсырмасына сәй­кес қызмет ететін болады. Заманауи күштік дайындық за­лында жаңа тренажерлер ор­наластырылған. Күрес және ойын залдары да талапқа сай жа­сақталған. Қазір мұнда қазақ күресімен айналысатын спорт­шылар дайындығы мен жарыс­тарын өткізеді. Жуырда ғана ұзындығы 25 метр, ені 8,5 метр бо­латын бассейн іске қосылды.  

Би-Барыс КӨКШЕ