Стати жеңілгенін мойындады
Стати жеңілгенін мойындады
131
оқылды

Ағайынды даукес Анатол мен Габриэль Стати Ва­шинг­тондағы сот проце­сін­де жеңілгенін мойындады. Бұл туралы Әділет министр­лігі хабарлады. Статилер әзір­ге тек Қазақстанның дип­ломатиялық меншігіне тыйым салу жөніндегі заң­сыз талаптарын доғарды.

2021 жылғы 28 қазанда Мол­дова азаматтары Анатол мен Га­бриэль Стати АҚШ астанасын­дағы Қазақстанның дипло­ма­тиялық меншігін бұғаттау туралы өтінішін қайтарып алуға рұқсат сұрады: ол өтінішті 2021 жылдың шілдесінен бері Вашингтон фе­дералды соты қарап жатқан бо­латын. Онда олар «Қазақстанның Вашингтондағы дипломатиялық резиденциясы коммерциялық кеңсе ретінде пайдаланылады» деп жалған айтқан. 2021 жылғы тамызда Қазақ­стан сотқа барлық материалды ұсынып, Статидің бұл мәлім­де­месі жалған екенін дәлелдеді. Қа­зақстанның дәлелдемелеріне жауап беруге тырысудың орнына Стати екі рет қарау мерзімін ұзар­туды сұрады. Сот бірінші сұ­ра­нысты қанағаттандырды. Алайда екінші сұранысын қа­был­дамай, оларға 2021 жылғы 29 қазанға дейін жауап беруді бұ­йыр­ды. Осы мерзімнің бітуіне бір күн қалғанда Стати ақталуға ты­рыспау үшін өтінішін қайта­рып алуға рұқсат сұрады. Статидің сотта жалған мәлім­демелер жасау, содан кейін сот шешімін күтудің орнына өз өті­ніштерін кері қайтарып алу бо­йынша мұндай әрекеттері – олар­дың Қазақстан беделіне нұқ­сан келтіру жөніндегі жал­ғасып жат­қан науқанының бір бөлігі. Стати Англиядағы сот про­цесінде де дәл осы тәсілдерді қолданған. Лон­донда Қазақстан Статидің негізгі төрелік шешімді алаяқтық жол­мен алғанын дә­лелдеген кезде, Ста­ти жауап ре­тінде сотқа жүгі­нудің орнына, өздері бастаған про­цесті орта жолда тоқтата са­лып, одан бас тартты. «Қазақстанның диплома­тия­лық меншігіне тыйым салу тура­лы Статидің заңсыз талабы өті­рікке негізделген. Вашингтонда өткен талқылауда Статидің өз же­ңілісін мойындауы Қазақстан­ның осы тұжырымын растайды. Бұл – Ста­тидің сотта жалған мәлімдемелер беру және БАҚ-ты адастыру жо­лымен жүргізіп келе жатқан сұр­қия науқаны аясын­дағы үйрен­шікті әрекеті. Біз әді­леттіліктің орнаға­нына қуа­ныш­тымыз», – деді Әділет вице-министрі Алмат Мадалиев. Дегенмен Қазақстан және Стати арасындағы дау жалғасып жатыр.

Айхан ШӘРІП