Тапсырма бар, нәтиже ше?!

Әлия Әбсеметова

«Спорт – біздің досымыз» деп жаттап өсті өскелең ұрпақ. Спортты дәріптеу, спорттың маңызын ұғындыру өткен ғасырдың жастары үшін өте өзекті болғанын білеміз. Қаланы айтпағанда, әрбір елді мекен, әр ауыл мен аудан орталығында спортты дамытуға арналған арнайы кешендердің жұмысы тәуір-ақ жанданып келді. Ал қазір ше?

Қазір, өкінішке қарай тәуелсіз Қа­зақстанның ауыл жастары жер­гі­лікті спорттық кешендердің көп­ті­­­­гімен мақтана алмайды. Деген­мен Үкімет тарапынан осы маңыз­ды саланы дамытуға үлкен көңіл бө­лініп, арнайы бағдарламалардың қол­ға алынып жатқанын жақ­сы­лық­­тың нышаны деп қабылдауға бо­­лады. Осы мақала да спорт, оның ішін­­де бұқаралық спорт кешен­де­рін ауыл-ауылда ашып, жастарды жап­­пай спортқа баулудың маңыз­ды­лығы туралы болмақ.

Былтыр қыркүйек айында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында өсіп келе жат­қан ұрпақтың шығармашылық жә­не спорттық әлеуетін дамытуға ба­са назар аударып, балалар үйір­мелері мен спорт секцияларын қай­та ашу қажет екенін қадап айт­қан болатын. Артынша Жолдауда кө­терілген бұл түйткілдің шешімі ре­тінде 2020 жылдың 30 желтоқ­са­нын­да заң қабылданды. Ол мемле­кет­тік спорттық тапсырыс және жан басына шаққандағы қаржы­лан­дыру арқылы балаларды спорт үйір­мелеріне барынша тарту мә­се­лелерін қамтыған. Сонымен бір­ге аталған жобаның жүзеге асырылу ке­­зеңдері мен тәртібін реттейтін бір­қатар нормативті-құқықтық ак­ті де қабылданған. Бұдан бөлек, «Nur Otan» партиясының «Өзгеріс­тер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарла­ма­сын орындау жөнінде арнайы Жол картасы бар. Партия фракция­сы­ның депутаты ретінде маған «Барлық облыстарда, республи­ка­лық маңызы бар қалаларда, аста­на­да және ірі аудан орталықтарында спорт секцияларын ашу және «ба­ла­лар үйірмелерін» жаңғыр­ту­дың» орын­далу деңгейін қадағалау мін­де­ті жүктелген. Қазір өңір-өңір­лер­де қолға алынып жатқан әрбір спорт саласындағы іс-шаралар мен бас­тамалар назарымда жүретіні де сондықтан. Бұл ретте балалардың жап­пай бұқаралық спортын жан ба­сына шаққандағы қаржылан­дыру­ға ерекше тоқтала кетсем. Жо­баның мақсаты – балаларды те­гін спорт үйірмелерімен барынша қам­ту. Аса игі іс, алайда шын­туай­ты­на келгенде аталған жобаны іл­гері дамыту үшін мемлекеттен бө­лек, халық тарапынан да бірқатар белсенділік қажет екенін де ұмыт­па­ған жөн. Мәселен, мен тәуелсіз құ­қықтық ұйымдар мен кәсіпкер­лер­дің көмегінсіз жобаны жүзеге асыру мүмкін емес деп санаймын. Бұл бастаманы кез келген мүм­кін­ді­гі бар азамат қолға ала алады. Ол үшін не істеу керек? Біріншіден, атал­ған салада кем дегенде бір жыл қыз­мет көрсетіп келе жатқан және бар­лық талапқа сай келетін қызмет ұсынушы тіркеліп, өтініш білдіреді. Бұл ақылы спорт секцияларын ұсы­нып жүрген ұйым немесе осын­дай бағыттағы үйірмелер ашуға ниет­ті кәсіпкер болуы мүмкін. Олар бұл арқылы ештеңе жоғалт­пай­ды. Өтініш мақұлданып жатқан жағ­дайда балалар тегін үйірмеге қа­тыса алатын болады, ал қызмет ұсынушыға мемлекет өзі әр балаға ақы­сын төлеп отырады. Бұл бір жа­ғынан бастаушы кәсіпкерлерге де, ауылдағы спортпен айналысуға ниетті, бірақ жағдайы жоқ балалар үшін де үлкен мүмкіндік болады. Айта кетерлік тағы бір жайт, бүгінде жобаның іске қосылуын жеңілдету үшін арнайы artsport.edu.kz ақ­парат­тық порталы жасалып, іске қо­сылған. Аталған платформа ар­қы­лы қызметін ұсынушы азаматтар мен ата-аналар ресми түрде тірке­ліп, өтініш бере алады. Сондықтан бұл игі істің нәтижелі болуы үшін оған еліміздегі әр азамат белсенді түрде қатысуы керек деп санаймын.

Мәселен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы тап­сырмасы аясында алғаш­қы­лар­дың бірі болып, қазір Ақтөбе қала­сын­да «Болашақ» шығарма­шы­лық жә­не спорт орталығы ашылып отыр. Жуырда ғана іссапармен ба­рып, қонақ болған «Болашақ» шы­ғар­машылық және спорт орталығы мем­­лекеттік тапсырыс арқылы іске асы­рылып жатыр. Көп шоғырлан­ған үйлердің ауласында орналасқан бұл орталықта балалар мен жасөс­пірім­дердің шығармашылық бел­сенділігін арттыру, шығармашыл, өнерлі, спортқа қабілетті жеке тұл­ғаны қалыптастыруда 10 бағыт бойын­ша жұмыстар жүргізіледі.

спортты дамыту

Президент тапсырмасы жемі­сі­нің бірі – «Болашақ» орталығы. «Бо­­­­лашақ» орталығында 10 үйірме бар. Оларға барлығы 786 бала қа­ты­сады. Солардың ішінде 135 бала спорт бағытында. Сәйкесінше, әр бағыт бойынша бір-бір ұстаздан, жалпы алғанда 10 ұстаз шәкірттерін түрлі ілімге баулиды. Айта кетерлігі, үйірмедегі ұстаздар да ерекше та­лап­пен таңдалып алынған. Олар екі тілді де жетік біледі, жоғары білімді әрі кәсібилігі де мықты, тәжірибелі ма­мандар. Үйірмелер халық биі, заманауи би, сурет өнері, домбыра, ги­тарамен ән айту, кестелеу-тоқы­ма, спорт түрінен – дзюдо мен қа­зақ күресі сияқты халық ара­сын­да сұранысқа ие машықтарға ба­ла­лар­ды баулитын үйірмелер.

Мамандардың айтуынша, үйір­меге қатысуға ниет білдірушілердің са­ны өте көп. Себебі бір ғана дзюдо мен қазақ күресі секциясына тре­нер еркін күрестен бес дүркін әлем чем­пионы, самбодан әлем чем­пио­ны, самбодан ҚР құрметті спорт шебері, Ақтөбе қаласының де­­­путаты, тәжірибелі ұстаз Райса Бай­лиева. Бұл, әлбетте мұндай ор­талықтардың беделін арттырады. Осы ретте балаларға арналған орта­лық­тарға осындай білікті маман­дар­ды тарту арқылы біз балалардың бо­лашағына сапалы әрі мықты шы­ғармашылық іргетас қалай ала­мыз.

«Ата-ана балаларға арналған шы­ғармашылық немесе спорттық үйір­меге өтініш беріп, ваучер (біре­гей нөмір) алады. Бұл, әсіресе көп­ба­лалы ата-аналарға өте жақсы мүм­кіндік. Жоба ата-аналарға екі жа­ғынан тиімді. Біріншіден, үйір­меге ақша төлемейді, Екіншіден, ба­лаларының спорттық қабілетін ор­талыққа апарып, қосымша да­мы­туға мүмкіндік туды. Себебі осын­­дай үйірмелерге кейбір отба­сы­­нан 3-4 балаға дейін келеді», – дей­ді орталық мамандары.

Сондай-ақ балалардың қауіп­сіз­дігі үшін барлық бөлмеде ви­део­қон­дырғылар орналастырыл­ған.

Ескере кететін бір жайт, көп­те­ген ауылда балалар үшін мектептен тыс уақытта айналыса алатын осы бағыттағы үйірмелер жоқтың қасы. Сондықтан бұл тұрғыдан алғанда, спорт секциялары мен үйірмелерді ашу­дың түпкілікті мақсаты өте ау­қым­ды әрі маңызды екенін ұғы­нуы­­мыз қажет. Депутат қана емес, ана ретінде, адам ретінде спорт жас жеткіншектердің өмірі үшін аса қажет деп есептеймін. Себебі спорт «денсаулық кепілі» ғана емес, ол адам­ға мақсат беретін, бойына күш, ойына батылдық сыйлайтын, ерік-жігер қалыптастыратын, ер­кін­дікке жетелейтін керемет мо­ти­вация құралы. Ауылдағы жасөс­пірім­дерімізді спорт игіліктерінен құр қалдырмауымыз керек. Бала­лары­мыздың болашағын ойласақ, әр баланың спортпен айналысуына мүмкіндік берейік.

 

Әлия ӘБСЕМЕТОВА,
Парламент Мәжілісінің депутаты,
«Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.