Алматыда әуежайдың жұмысшысы арыққа құлап кетті
Алматыда әуежайдың жұмысшысы арыққа құлап кетті
Фото: mail.kz
110
оқылды

Алматы халықаралық әуежайы жұмысшының лас су толы құдыққа құлағанын жоққа шығарды.

Әлеуметтік желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды.

«Әуежай қызметкері байқаусызда тереңдігі 70 см болатын арыққа құлаған. Қызметкер арықтан өзі шыққан. Ауыр жарақат алған жоқ. Денесі көгерген. Оған медициналық көмек көрсетілді. Қызметкердің денсаулығы үнемі бақылауда. Жұмыс берушіге ешқандай шағымы жоқ» делінген әуежайдың хабарламасында.

Бұған дейін Алматы әуежайындағы авиакеросин тапшылығы туралы жазған болатынбыз.