"Қазгидромет" РМК 3 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. 2-3 қараша күні Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Қарағанды облысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. 3 қараша күні түнде Қарағанды қаласында көктайғақ болуы ықтимал. Жезқазған қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз желдің екпіні 15 м/с болмақ. Ақмола облысының шығысында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман, көктайғақ болады. Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде және орталығында желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың орталығында 23 м/с болады. Ертең Қызылорда қаласында күндіз жел солтүстік-шығыстан соғады, желдің екпіні – 15-20 м/с. Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде және орталығында желдің екпіні 15-20 м/с. Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл болады деп болжануда. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында желдің екпіні – 15-20 м/с.