Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатында Өзбекстан боксшысын қалай жеңгенін айтты
Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатында Өзбекстан боксшысын қалай жеңгенін айтты
Фото: sports.kz
123
оқылды
Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатының жартылай финалына шыққаннан кейін Vesti.kz-ке Өзбекстаннан келген қарсыласты жеңуге не көмектескенін айтты. 48 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен 33 жастағы Қазақстан боксшысы ширек финалда Азияның екі дүркін чемпионы Нодиржон Мирзахмедовпен кездесіп, оны жеңген болатын. Белгілі болғандай екі боксшы бұған дейін де шаршы алаңда жұдырықтасқан.
– Өзбекстандық қарсыласпен кездесіп, екі рет жеңдім. Бірақ маған сабақ болатын жекпе-жек болды. Мен оны бірнеше рет қарап, не істеуім керек екенін түсіндім. Онымен қалай жұмыс істеу керек екенін. Бірінші раундта алға шықты. Екінші раундты беруге болмайтынын түсіндім. Жылдамдықты күшейтіп, біріншіге қарағанда жақсы жұмыс істеу керек болды.  Әрине, бірінші кезекте жаттықтырушылардың айтқанын орындадым, – дейді Теміртас Жүсіпов.