Бокстан әлем чемпионаты: Абылайхан Жүсіпов Қазақстан қоржынына үшінші медаль салды
Бокстан әлем чемпионаты: Абылайхан Жүсіпов Қазақстан қоржынына үшінші медаль салды
© olympic.kz
198
оқылды
Бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Абылайхан Жүсіпов жартылай финалға шықты, – деп хабарлайды Olympic.kz.  67 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Абылайхан Жүсіпов моңғолиялық Чинзоринг Баттарсухийнді айқын басымдықпен, 5:0 есебімен ұтты. Әлем біріншілігінде жартылай финалға шыққан қазақстандық боксшылар саны үшке жетті. Бүгін шаршы алаңға шыққан спортшылар арасынан Саматәлі Төлтаев қана жеңіліс тапты.