Атыраулық ұры сейфтен қомақты қаржы ұрлап, 2 млн теңге қалдырып кеткен
Атыраулық ұры сейфтен қомақты қаржы ұрлап, 2 млн теңге қалдырып кеткен
Фото: yar.kp.ru
148
оқылды
Атырауда әйел құрбысының сейфінен 54 миллион теңге ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Полиция департаментінің хабаралауынша, ұры сейфтен 54 млн теңгені алып, 2 млн теңгені қалдырып кетті. Полиция оқиға орнын мұқият қарап, барлық бейнекамералардағы жазбаларды тексерді, бірақ ұрлық дәлелдерін таппады. Оқиғаға дейін пәтерге келген жәбірленушінің құрбысы басты күдікті болды, Тергеу барысында күдіктінің Алматыға ірі сомамен барғаны анықталды.
Ұстау барысында полиция қызметкерлері 42 жастағы әйелден ұрланған ақшаны тәркіледі. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Атыраулық полицейлер ҚР ҚК 188-бабының 4-бөлігі бойынша тергеу әрекеттерін жүргізіп, құжаттарды сотқа жіберді, – деп толықтырды Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.