Алматыда лифтіні қиратқан ер адам жазаланды
Алматыда лифтіні қиратқан ер адам жазаланды
153
оқылды
Алматыда полиция қызметкерлері көпқабатты үйлердің біріндегі лифтіні қиратқан ер адамды анықтап, ұстады. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram парақшасында мәлімдеді. Оқиға 1 қарашаға қараған түні бақылау камерасына түсіп қалған. Видео әлеуметтік желіде тарап кетті.
"Оның әрекетінде әкімшілік құқықбұзушылық белгілері бар. Ол Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деді Әбдірахманов.
Ұсталған ер адам көпшілік алдында кешірім сұрауды жөн көріп, мұндай енді қайталанбайды деп уәде берген. https://www.youtube.com/watch?v=03Am6xL-N8M&feature=emb_title