Қызылорда облысында болған апаттан екі адам көз жұмды
Қызылорда облысында болған апаттан екі адам көз жұмды
199
оқылды
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында Toyota Hilux және ВАЗ-2107 көліктері соқтығысып, екі адам қайтыс болды. Көліктер бүгін Жаңақорған кентіндегі Хорасан ата көшесінің бойында соқтығысты. Полиция апат салдарынан екі адам қайтыс болғанын растады.
"Екі адам көз жұмды, екі адам түрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді. Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Бұл бапта көлік басқаратын адамның жол жүру қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу жағдайы көрсетілген", – деді Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.