Алматыда қалың қар жауады деп күтілуде
Алматыда қалың қар жауады деп күтілуде
202
оқылды
Синоптиктер Алматыда 3-5 қарашада ауа райы қандай болатынын айтты. 4 қараша күні түнде және таңертең - тұман түсіп, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде -6 ...- 8 ° C, күндіз -3 ...- 5 ° C дейін айтарлықтай төмендейді. Одан бөлек, солтүстік-шығыстан күші 3-8   м/с-ден 13 м/с-ге дейін жететін жел соғуы ықтимал. Сынап бағанасы түнде -6...-8°С, күндіз -3...-5°С. 5 қарашада күн ала бұлтты болып, жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Солтүстік-шығыстан екпіні 2-7 м/с болатын жел соғады деп күтілуде. Ауа температурасы түнде -9...- 11°С, күндіз -3...-5°С. Осыған байланысты ТЖД автокөліктерді ағаштардың, электр желілерінің және басқа да  құрылыстардың астына қоймауды сұрайды.