Әлем чемпионы атанған қазақстандық жүлдесін қайырымдылыққа жұмсады
Әлем чемпионы атанған қазақстандық жүлдесін қайырымдылыққа жұмсады
AIGA нұсқасы бойынша грэпплингтен әлем чемпионы атанған қазақстандық спортшы Самат Айтпанбет қаржылай сыйақысын қайырымдылыққа жұмсады. Спортшының жасаған қайырымдылық ісі туралы Алматыдағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлық беру барысында айтылды. Шараға Самат Айтпанбет пен армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Sagadat batyr - QTT» клубының жаттықтырушысы қатысты.
«Алдымен алғысымды өзімнің жаттықтырушым Нұрсұлтан Орынбасаровқа білдіремін. Мені үнемі қолдап, ақыл-кеңесін айтып жүреді. Осы кісінің арқасында мен таяуда Ыстамбұлда өткен Әлем чемпионатында жеңімпаз атандым. Онда маған 5 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы берді, соның жартысын құрылтайшысы менің жаттықтырушым болып отырған қайырымдылық қорына бергім келеді», - деді грэпплингтен әлем чемпионы Самат Айтпанбет.