Серік Теміржанов жартылай финалға жолдама алды
Серік Теміржанов жартылай финалға жолдама алды
213
оқылды
Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов 2021 жылы Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында ширек финалдық кездесуін өткізді. 57 келіде келіде ширек финалда Серік Теміржанов ресейлік Эдуард Саввинді сенімді жеңді. Төрешілер есебі 5:0 болды. Кешкі сессияда Санатәлі Төлтаев (63,5 келі) Асланбек Шымбергенов (71 келі) және Нұрбек Оралбай (80 келі) шаршы алаңға шығады.