Әлем чемпионаты: Санатәлі Төлтаев жартылай финалға шыға алмады
Әлем чемпионаты: Санатәлі Төлтаев жартылай финалға шыға алмады
Фото: Lada.kz
Қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев 2021 жылы Белградта (Сербия) өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында ширек финалдық кездесуінде жеңіліп қалды. Ширек финалда 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Төлтаев шотландиялық Риз Линчпен кездесіп, төрешілердің шешімімен оған есе жіберді. Осылайша, Санатәлі Төлтаев 2021 жылғы Әлем чемпионатындағы өнерін мерзімінен бұрын аяқтаған алтыншы қазақстандық боксшы атанды. Сондай-ақ бүгін Қазақстанда 71 келі салмақтағы Асланбек Шымбергенов пен 80 келі салмақтағы Нұрбек Оралбай жартылай финалға шығу үшін таласады.