Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2021 жылдың қыркүйек-қазан айлары аралығында азық-түлік бағасы — 0,7 пайызға, өзге тауардың құны —1 пайызға, ақылы қызметтер 0,5 пайызға өскен.
Әуелі азық-түлік жайына келсек. Халық сұранысында тұрған жұмыртқа – 7,2 пайызға, көкөністер – 5,5 пайызға, құмшекер, құс еті – 1,4, картоп – 1,2, нан – 0,7, пастерленген сүт – 0,6, айран, шошқа еті, қарақұмық жармасы – 0,5, шұжық, макарон өнімдері, ұн бағасы 0,4 пайызға көтерілген. Бұдан бөлек, автомобильдер – 3,4 пайызға, тұрмыстық тауарлар – 1,1 пайызға, фармацевтикалық өнімдер 0,4 пайызға шарықтапты. Жазғы дизель отыны – 16,6, баллондардағы сұйытылған газ – 6,4, отын – 2,6, тас көмір – 2, бензин 0,9 пайызға дейін қымбаттаған. Қоғамдық тамақтану мен монша қызметтерінің құны да 1 пайызға өсіп, қымбатшылықтан тыс қалмапты. Денсаулық сақтау – 0,5, шаштараздар мен сұлулық салондарының бағасы 0,4 пайызға өскен. Ал тұрғын үйді жалға алу төлемі – 1,1, қалааралық автобуста жол жүру құны – 0,8, такси 0,6 пайызға көтерілген. Бюро дерегіне сенсек, баға төмендеген салалар да бар екен. Мысалы, орталықтан жылытуға тарифтер – 0,4, көмір – 0,8, металл кендері 1,9 пайызға арзандаған. Ал алюминий – 8,6, ферроқорытпалар – 5, мырыш – 2,2, қара металдар прокаты – 7,1, қорғасын – 5,5, асыл металдар – 3,2, мыс 0,3 пайызға қымбаттаған. Мұнай өнімдерінен сұйытылған пропан мен бутан – 7,4, дизель отыны – 3,9, бензин – 2,2, мазут құны 1,2 пайызға өсіп кеткен. Электрмен жабдықтау және сумен жабдықтауда да жағдай осындай. Суды бөлу қызметтері – 0,9, бумен және ыстық сумен жабдықтау қызметтерінің құны 0,2 пайызға өсіпті.М.ХАҚНАЗАР