Ембі қаласында Жол картасы жүзеге асады
Ембі қаласында Жол картасы жүзеге асады
493
оқылды

«Nur Otan» партиясының Жол картасы бойынша Ақтөбе облысында қолға алынып, атқарылған істердің бірқатары Ембі қаласына тиесілі. Мұнда бос тұрған үйлер жөнделіп, спорт кешені, биотазарту нысаны іске қосылды. Қаладағы ең ұзын көшелердің бірі жөнделді.

«Nur Otan» партиясы Ақтөбе об­лыстық филиалының төра­ға­сы, облыс әкімі Оңдасын Ора­за­лин және оның бірінші орын­ба­сары Ербол Данағұлов Ембі қаласындағы 45 пәтерлік бес қабатты үйдің кілтін тұрғындарға табыстау салтанатына қатысты. Олар сондай-ақ көп жылдар бойы қараусыз қалған 90 пәтерлі бес қабатты үйде жүріп жатқан жөн­деу жұмыстарының бары­сын да қарап шықты. Пәтерлер күр­делі жөндеуден кейін жергі­лік­ті атқарушы органда кезекте тұрғандарға берілетін болады. Партиялықтар қаладағы Ж.Тілепбергенов көшесінің жо­лы­на жүргізілген жөндеу жұмыс­тарымен де танысты. Ұзындығы 2,7 шақырымдық жолға күрделі жөндеу жұмыстарын «Рем­горст­рой» ЖШС жүргізген. Бұл кө­ше­дегі су ағатын құбырлар то­лы­ғымен жаңартылған. Ембі Бұдан бөлек, олар Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жоба­лар­ды дамыту қорының демеу­ші­лік қаражатына салынған спорт кешенін тексерді. Аталған ны­­сан құрылысының құны 228 мил­лион теңгеден асады. Жоба «Ме­нің елім» әлеуметтік инвес­ти­циялар бағдарламасы аясында жү­зеге асырылған. Мұнда дзю­до, күрес, бокс, үстел теннисі, вол­­­лейбол, баскетбол мен фут­бол секциялары жұмыс істейді. Кейін Ембіде кәріз ағынын био­тазартатын, қуаттылығы 3 мың м3 болатын көптен күт-кен ке­шен іске қосылды. Кәріз жүйе­­сінің суларын тазартатын био­­логиялық тазарту ғима­ра­ты­ның құрылыс жұмыстары 2019 жы­лы басталып, биыл аяқталды.Тұрмыстық суларды ағызуға және залалсыздандыруға арнал­ған нысанды еңбек ардагері, бұ­рын­ғы Мұғалжар ауданының бірінші хатшысы болған Қуан­дық Әлішев және Ембі қалалық кеңесінің төрағасы Жұмабек Сар­басов іске қосты.  

А.ЖАСАНҰЛЫ