Бірқатар нысанды аралады
Бірқатар нысанды аралады
144
оқылды

«Nur Otan» партиясының Павлодар облыстық филиа­лының ұйымдастыруымен және «Ертіс» телеарнасының «Тексерілді» телебағдарламасы аясында Жол картасының индикаторларына бақылау жасау мақсатында мониторинг тобы Жетекші ауы­лындағы сумен жабдықтау желілерінің және ауылдағы 300 орын­дық мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты. Екі ны­сан­ның құрылысы кестеден қалып келеді.

Аталған топ бірінші тексерген нысан Жетекші ауылындағы 100 орын­дық шағын орталығы бар 300 орындық мектеп болды. Нысан жұмысы 88%-ға аяқталған. Алайда құры­лыстың уақытылы аяқталмау қаупі бар. «Мехколонна №59 «СМФ» ЖШС мердігер компанияның өкіл­­­дерінің айтуы бойынша, құ­ры­лыс алаңында жұмысшылардың же­тіспеушілігінен нысанды уақы­ты­лы тапсыру мүмкін болмай тұр. Мер­дігер нысанды бір айдың ішін­де тапсырамыз деп уәде етті. Қазір аумақты абаттандыру және ішкі үй-жайларды әрлеу бойынша жұ­мыстар жүргізіліп жатыр. Депутаттар Жетекші ауы­лын­дағы «Көлсай Строй» ЖШС құры­лыс мердігерлік ұйымы салып жат­қан сумен жабдықтау желілерін салу құрылысының жай-күйімен та­нысты. Сумен жабдықтау желі­лері­нің жалпы ұзындығы – 16 034 шар­шы метр.  Бұл нысанды мерді­гер комания 2021 жылдың тамы­зын­да салып бітіруі тиіс еді. Қазір он­да магистралды желіні орнату жұ­мыстары аяқталды, құбырды үй­лерге жеткізу, арматуралау және 200 текше метр таза суға арналған 2 резервуарды бетонға құюға дайын­дау, сондай-ақ сорғы үшін кат­ловандарды қазу жұмыстары жүр­гізіліп жатыр. Жұмыс жүргізу кестесінен арт­та қалуына байланысты қалалық құры­лыс бөлімінен Павлодар об­лы­сының МАЭС-на мердігер ұйы­мы­нан тұрақсыздық айыбын өн­ді­ріп алу туралы талап-арыз берілді. Бұл нысанның құрылысын мерді­гер компания жақын уақытта бел­сен­ді жүргізбесе, Павлодар облыс­тық депутаттық фракцияның оты­ры­сында қарастырылатын болады. Депутаттар салынып жатқан құры­лыс жұмыстарын тексере келе Же­текші ауылындағы білім беру ме­кемесі мен сумен жабдықтау же­лі­лерінің құрылыс жұмыстары «Nur Otan» партиясының қатаң ба­қылауына алынатынын жеткізді.

А.ЖАСАНҰЛЫ