Алматы облысында шетелдіктер 45 жастағы тұрғынды азаптап өлтірген – видео
Алматы облысында шетелдіктер 45 жастағы тұрғынды азаптап өлтірген – видео
Фото: adilettv.kz

Полиция департаменті олардың Өзбекстан мен Тәжікстанның азаматы екенін анықтады. Жауап алу кезінде екеуі де қылмысты жасағанын мойындады.

Оқиға Қосөзен ауылындағы үйлердің бірінде болған. Күдіктілер полицияға тұрғынмен алғашында сөзге келіп қалғандарын айтқан. Артынша оны ұрып-соққан. Онымен қоймай, қылмысты жасырмақ болыпты. Марқұмның Жәпек батыр ауылынан екенін полиция анықтаған. Күдіктілер қазір уақытша қамау изоляторына қамалды.

Алматы облысы ПД Іле аудандық полиция басқармасының тергеушісі Абылай Ахметов: «Жедел іздестіру барысында Өзбекстан мен Тәжікстан азаматы қолға түсті. Олардың көрші елден табыс табу үшін келгендері белгілі болды. Күдіктілерге қатысты қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу басталды», – деді.

https://youtu.be/BWLE4AxqPSo