Қазақстанда бензин бағасы қымбаттады

жанармай, дизель отыны, баға, жаңалықтар
Фото: pulse.mail.ru

Биыл жанар-жағармай бағасы жиын-терім науқаны кезінде қымбаттады. Әсіресе, көлік иелері дизель отынын таппай, әуре-сарсаңға түсті, – деп жазады kolesa.kz.

Күзде жанармай бағасын 230 теңгеге дейін көтерді. Ал қысқы дизель Royal Petrol мен Petrol Asia-да 370 теңгеден саудаланып жатыр.

 

Қазақстанда бензин бағасы қымбаттады
Фото: koleso.kz

Бензин бағасы соңғы уақытта біршама тұрақты болды. АИ-92 168-175 теңгеден сатылған. Алайда қазан айының орта тұсында оның да бағасы шарықтап кетті. Мысалы: Helios 20 қазан мен 1 қараша аралығында сұранысы жоғары жанармайдың бағасын үш рет ауыстырды (173-174-ке, кейін 177 және 178 теңге).

 

Қазақстанда бензин бағасы қымбаттады
Фото: koleso.kz

Қазір ірі желіге тиесілі май құю бекетінде АИ-92-нің бір литрі 178 теңгеден сатылып жатыр. «Газпром» ғана бензинді 179 теңгеден сатып жатыр. 92-мен бірге АИ-95-тің де қымбаттағаны анық. Оның құны 205-214 теңге аралығында сатылуда.

Бұған дейін авиакеросин тапшылығынан әуежайда жанармай құю уақытша тоқтатылғанын жазған болатынбыз.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.