Алматы метросында пойыздар аралығы қысқартылды
Алматы метросында пойыздар аралығы қысқартылды
Фото: taunews.kz
139
оқылды

 Бұл туралы «Метрополитен Сити» мекемесінің сайтында жазылды.

Мекеме өкілдерінің хабарлауынша, бұл шара қаладағы метроны пайдаланатын жолаушылар ағынының күн санап артуына байланысты қабылданып отыр. Осы тұрғыда бұған дейін көптеген жолаушылардан өтініштер келіп түскен. Енді бұдан былай Алматы метросында халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қарбалас уақытта пойыздардың қатынау аралығы 10 минуттан 7 минутқа дейін қысқарды.

Айта кетейік, «Метрополитен Сити» мемлекеттік кәсіпорнының жұмыс уақыты – Астана уақыты бойынша 06:20-дан 00:00-ге дейін.

Нұрболат АДЫРБЕК,

Алматы