Солтүстік-батыс антициклонының әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді.
Тек 4 қарашада ғана оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде таулы аудандарда қар жауады, жел күшейеді, көктайғақ, бұрқасын болады. Сондай-ақ республиканың басым бөлігінде тұман күтіледі.Ауа температурасы:
- батыста түнде 1-6 аяз, күндіз 0-5;
- оңтүстікте +3-8 градус жылы, күндіз + 10 градус;
- солтүстік-батыста 8-13-тен 0-10-ға дейін аяз, күндіз -5+6 градус аралығында;
- солтүстікте 13-18-ден 0-10-ға дейін аяз, күндіз 0-8 градус аяз - +0+6 градус жылы аралығында;
- орталықта және еліміздің шығысында түнде 13-21-ден 5-13-ке дейін аяз, күндіз 2-13 градус аяз, +0+8 жылу аралығында;
- солтүстік-шығыста +0+8 жылы, оңтүстік-шығыста түнде 5-13 аяз, күндіз 2-7 градус аяздан +0+5 градус жылы болады.