Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Asyl äuen» әлеуметтік жобасы басталды
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Asyl äuen» әлеуметтік жобасы басталды
374
оқылды
«Nur Otan» партиясының Орталық аппаратында «Asyl äuen» әлеуметтік жобасының тұсаукесері өтті. Жобаның мақсаты - музыкалық терапия арқылы эмоционалды-еріктік саланы түзету, көру және есту қабілеттерін дамыту арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды бейімдеу және әлеуметтендіру үшін жағдай жасау.   Бұл жоба «Biz Birgemiz» ҚБ және «Jas Otan» Жастар қанатымен іске асырылуда. Сондай-ақ, «Қазақстан жастарының Конгресі», Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «№1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ және Қазақ ұлттық өнер университеті серіктес болып табылады.   «Biz Birgemiz» ҚБ жетекшісі Қайрат Перизат мұндай жобаның Қазақстанда алғаш рет енгізіліп отырғанын атап өтті.
«Соңғы 10 жылда бұл терапия Англияда, АҚШ-та және Швейцарияда қолданылады. Олардың оң тәжірибесін ескере отырып, біз Қазақстанда жобаны іске қосып, ерекше балаларға музыкалық терапия арқылы оңалтуға көмектесуге шешім қабылдадық. Музыкалық терапия, бұл - музыканы емдеуде бақыланатын қолдану, сонымен қатар бұзылулардың алдын - алу және емдеудің өзіндік әдісі», - дейді ол.
  «Jas Otan» төрағасы Нұржан Жетпісбаевтың айтуынша, жобаны бүкіл ел бойынша келесі жылы ауқымды іске асыру жоспарланып отыр.
«Өздеріңіз білетіндей, «Biz Birgemiz» пандемия кезінде көптеген жұмыс атқарған волонтерлер қозғалысы негізінде құрылды. Қазіргі таңда олар жұмысын жалғастыруда. «Asyl äuen», бұл - бірлестіктің ерекше әлеуметтік жобасы. Музыкалық терапияның алғашқы әдістері келесі аптада елордада өтеді. Бұл тәжірибе келесі жылы Қазақстанның барлық облыстарында қолданылатынын атап өткім келеді», - деді ол.
  Сондай-ақ, тұсаукесерге «Орталық клиникалық аурухана» АҚ нейрохирургия орталығының меңгерушісі Бердіходжаев Мыңжылқы, ҚазҰӨУ-нің «Хор дирижерлігі» кафедрасының концерт беруші әнші-контртенор Смақов Батыржан және «№1 психологиялық-педагогикалық түзету» КММ музыкалық жетекшісі Омарова Гүлдана қатысты. Олар жобаның негізгі бағыттары туралы айтып, әлеуметтік жобаны жүзеге асыру кезеңдерімен бөлісті. Жоба 3 негізгі кезеңде жүргізілетін болады: балалардың мүдделерін және олардың музыкалық даму деңгейін анықтау (диагностика, баламен әңгімелесу), оңалту әлеуетін айқындау; музыканы қабылдауды, вокал терапиясын, балалардың музыкалық аспаптарында ойнауды, ритмопластиканы қамтитын жобаны тікелей іске асыру; талдамалық кезең.