Белградта бокстан 2021 жылғы Әлем чемпионатының жартылай финалына Қазақстан атынан бес боксшы қатысады: Теміртас Жүсіпов, Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан, Серік Теміржанов және Абылайхан Жүсіпов. Жартылай финалдық жекпе-жек бейсенбі, 4 қарашада өтеді. Қазақстан боксшылары жекпе-жегінің толық кестесі: Күндізгі сессия (Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00)
- Бірінші жекпе-жек. 48 кг. Теміртас Жүсіпов-Евгений Кармильчик (Беларусь)
- Үшінші жекпе-жек. 54 кг. Махмұд Сабырхан-Акаш Кумар (Үндістан)
- Жетінші жекпе-жек. 67 кг. Абылайхан Жүсіпов-Севонрец Окадзава (Жапония)
- Екінші жекпе-жек. 51 кг. Сәкен Бибосынов-Таңарат Саенгфет (Таиланд)
- Төртінші жекпе-жек. 57 кг. Серік Теміржанов-Освель Кабальеро Гарсия (Куба).