Ресейде АН-12 ұшағы апатқа ұшырады
Ресейде АН-12 ұшағы апатқа ұшырады
136
оқылды
Ресейдің Иркутск қаласында Ан-12 жүк ұшағы қону кезінде апатқа ұшырады. «Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақтың құлаған жері анықталды. Ол – аэродромға жақын орналасқан Пивовариха елді мекенінің маңы. Ұшақ қонар кезде екінші рет айналып, радарлардан жоғалып кеткен», – деп баяндады агенттік дереккөзі. ТЖМ мәліметінше ұшақтың 10 шаршы метр ауданы, 300 шаршы метрге төгілген отын өртеніп жатыр. Оқиға орнында 46 адам мен 17 техника жұмыс істеуде. Ресей ТЖМ арнайы күш-құралдарын көбейтіп отыр. Ұшақтың бортында болғандардың барлығы қаза тапты. Ұшақ жүк тасымалдаған екен.