«Оған қарсы стратегия жасап қойдым»: Махмұд Сабырханның жартылай финалдағы қарсыласы мәлімдеме жасады
«Оған қарсы стратегия жасап қойдым»: Махмұд Сабырханның жартылай финалдағы қарсыласы мәлімдеме жасады
Фото: news18.com
127
оқылды
Үнді боксшысы Акаш Кумар 2021 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында қазақстандық Махмұд Сабырханмен өтетін жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді. "Медаль алатыным анық, мақтана аламын. Финалға шыққым келеді. Менің жартылай финалдық жекпе-жегім Дивали (Үндістандағы мереке) қарсаңында өтеді, сондықтан  жеңіске жету арқылы ұлтыма сый жасағым келеді. Мен жаттықтырушыммен бірге Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерімен күресу стратегиясын жасадым. Біздің стратегиямыз шабуыл режимінде бірінші раундта жеңіске жету, содан кейін келесі раундтардағы мақсат қарсы шабуыл жасау және соққылардың алдын алу. Осы уақытқа дейін менде үлкен тәжірибе болды. Бұл медаль мен үшін көп нәрсені білдіреді. Мен оны ата-анама арнағым келеді. Бұл менің алғашқы үлкен турнирім,  мақтан тұтамын және эмоционалды күйдемін. Үйге алтын медаль әкелу үшін бәрін жасағым келеді. Маған осында жетуге көмектескен барлық жаттықтырушыларыма және қызметкерлерге алғыс айтамын", – дейді Кумар.