Жартылай финалға шыққан Мадияр Саидрахимов жеңісі туралы пікір білдірді
Жартылай финалға шыққан Мадияр Саидрахимов жеңісі туралы пікір білдірді
Фото: sports.uz
194
оқылды
Бокстан Өзбекстан құрамасында өнер көрсететін этникалық қазақ Мадияр Саидрахимов Белградта (Сербия) өткен 2021 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда Саидрахимов ағылшын боксшысы Льюис Уильямсты жеңген болатын. – Әлем чемпионатын жалғастырамыз. Жартылай финалға шықтық. Біз жекпе-жектен жекпе-жекке дейін форма жинаймыз. Біз жеңеміз, өйткені халқымыз берекелі. Дұға жасауды тоқтатпаңыз. Алдағы жартылай финалдық жекпе-жекте де жеңіске жетеміз деген үміттеміз. Өзбекстанның туын көтереміз", – деді боксшы.