Нокаутқа түскен жас боксшы көз жұмды
Нокаутқа түскен жас боксшы көз жұмды
162
оқылды
Зимбабвелік боксшы Таурай Зимунья отандасы Тинаш Маджониден нокаутқа түскеннен кейін өліп кетті. Бұл туралы Lenta.ru порталы All Africa басылымына сілтеме жасап хабарлап отыр. 24 жастағы боксшы үшінші раундта нокаутқа түсіп, есінен танды. Спортшыға дәрігерлер келгенге дейін медициналық көмек жасалды. Оны ауруханаға жеткізді, дегенмен, ол сол күйде есін жинаған жоқ. Зимуньяның өлім себебі ресми түрде әлі айтылмады. Алайда алдын ала мәлімет бойынша, ол нокауттан кейін миына қан кеткеннен көз жұмған. Бұған дейін, сәуір айында иорданиялық боксшы Рашед Аль-Свейсат Польшада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында жекпе-жек өткізіп, қайтыс болды. 19 жастағы спортшы 81 келіге дейінгі салмақта эстониялық Андрей Виноградовқа қарсы жекпе-жек кезінде есінен танып қалған.