Жоғалған қызды іздеу 2 қарашада басталған болатын. Бұл туралы Қарағанды облысының Полиция департаменті хабарлады.
Бойжеткен сол күні үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған. Анасы полицияға хабар берген.Кеше Балқаш көліне жақын маңнан 19 жастағы қыздың денесі табылды. Мәйітте көзге көрінетін азаптау белгілері байқалмайды. Қыз аязға үсіп өлген болуы мүмкін.«Биыл 2 қараша күні Балқаш қаласында полициядан 55 жастағы қала тұрғыны көмек сұрады. Ол 19 жастағы қызының хабар-ошарсыз кеткенін айтқан. Бұл факті тіркеліп, полицияның бүкіл жеке құрамы бойжеткенді іздеуге жұмылдырылды», – деді полицей.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сараптама тағайындалды. Өлім себебі анықталып жатыр.