Маңғыстау тұрғыны қалыңмалды қайтаруды талап етіп, сотқа жүгінді
Маңғыстау тұрғыны қалыңмалды қайтаруды талап етіп, сотқа жүгінді
Фото: tengrinews.kz
179
оқылды
Маңғыстау облысында екі жыл некеде болған ер адам ажырасуға арыз беріп, әйелі мен оның туыстарынан қалыңмалды қайтаруды талап етті. Аталған іс бойынша үкімді облыс сотының баспасөз қызметі жариялады. Талапкер жауапкер мен оның ата-анасынан 800 000 теңгені, гауһар тастармен көмкерілген алтын бұйымдарды, екі кілем мен қалыңмал ретінде берілген 1 615 000 теңгені өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген, – деп жазады  sputnik.kz. Дегенмен ол жауапкерлердің мүліктік зиян келтіргені немесе қандай да бір міндеттеме алғаны туралы дәлел ұсынбаған. "Қазақтың салт-дәстүрі бойынша жастар некеге тұрғанда олардың ата-анасы арасында ескі әдет-ғұрыптар жасалады, ал берілген заттарды қайтару талабы қолданыстағы заңнамамен реттелмеген, яғни тараптар арасында ерікті түрде берілген дүние-мүлікті қайтарып алуға қатысты ешқандай міндеттеме жоқ", – деп түсіндірді сот. Сот ер адамның талап арызын қанағаттандырудан бас тартты. Дегенмен ол апелляцияға шағым түсіріп, сотқа берілген талап-арыз бойынша жаңа шешім шығаруды, куәларды шақырып, олардан жауап алуды сұрады. Сот алқасы апелляциялық шағымды қанағаттандырмады, сот шешімі өзгеріссіз қалды.