Қарағандылық ардагер спортшылар халықаралық біріншіліктерде алтын медальдар жеңіп алды. Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз мәслихатында жеңімпаздарға құрмет көрсетілді.
Лиссабонда (Португалия) өткен дзюдодан әлем чемпионатында «Жас сұңқар» спорт мектебінің және облыстық кешенді мектептің жаттықтырушылары Нәсіпқұл Тыныбаев пен Дәурен Қожин «алтын» алды, – деп жазады ҚазАқпарат. Ал Вильнюсте (Литва) зілтемірді шалқалай жатып көтеруден әлем чемпионатының екі мәрте жеңімпазы 73 жастағы Дәрібай Оспанов болды. Сондай-ақ осы жарыста бірінші орынды облыстық кешенді мектептің тәрбиеленушісі Антон Марченко иеленді. Жас балуанның тәлімгері Әбдулкәрім Қараман оны жақсы дайындап қана қоймай, өзі де сәтті өнер көрсетті – оның қоржынында екі күміс бар.
Фото: inform.kz