Сенатта «Бәйтерек» зымыран кешенін құру туралы заң жобасы талқыланды
Сенатта «Бәйтерек» зымыран кешенін құру туралы заң жобасы талқыланды
Сенатта Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалық етуімен Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды. Хаттаманы ратификациялау Келісімдегі қаржылық міндеттемелер жөніндегі бірқатар жағдайға маңыз беруге және бірлескен кәсіпорындағы міндеттерді қайта бөлуге мүмкіндік береді. Құжатта сонымен қатар тараптардың «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінің ұшу сынақтарын 2023 жылы орта дәрежелі тасымалдағыш зымыранмен бастауға бағытталған өзара міндеттемелері көзделіп отыр. Сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед заң жобасы қабылданғанда Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын кеңейтуге мүмкіндік беретіні және «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінен ұшыруды қамтамасыз етудегі тараптардың міндеттері нақты бөлінетінін атап өтті. Депутаттар комитеттің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша заң жобасын Палатаның қарауына беру туралы шешім қабылдады.