Полицейлер 200 литрлік бөшкеге есірткі сақтаған тұрғынды ұстады
Полицейлер 200 литрлік бөшкеге есірткі сақтаған тұрғынды ұстады
Фото: polisia.kz
171
оқылды

Түркістанда полицейлер 200 литрлік бөшкеге салынған 31 келіден астам есірткіні тапты, – деп жазады Polisia.kz.

Жергілікті тұрғын есірткіні сарайда 200 литрлік бөшке ішіне жасырғаны белгілі болды. Түркістан облысы Полиция департаменті ЕҚҚІҚБ мен Түркістан ҚПБ-ның полицейлері жергілікті тұрғынның есірткі жасырғанын анықтады.

Полицейлер күдіктінің нақты мекенжайын анықтап, ізіне түседі. Нәтижесінде, полицейлер күдікті ретінде Түркістан қаласының орта жастағы тұрғынын ұстады. Оның үйі мен ауласын тыңғылықты тінту кезінде полицейлер сарай ішінен 200 литрлік бөшкеге салынған 7 дана полиэтилен пакет, бояудан босаған шелекке салынған бір пакет және оның ішінде 11 дана кішкентай пакетке салынған есірткіге ұқсас заттарды тауып, тәркіледі. Күдіктіден тәркіленген заттардың салмағы 31 келіден астам кептірілген марихуана екені сараптамадан соң анықталды.

Ауласына есірткі жасырған ер адам қамауға алынды.