Алматыда 747 заңды тұлғаға 260 миллион теңгеден аса айыппұл салынды
Алматыда 747 заңды тұлғаға 260 миллион теңгеден аса айыппұл салынды
Фото: gov.kz
160
оқылды

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов «қызыл» және «сары» мәртебесі бар қала тұрғындары қандай қоғамдық орындарға жиі баруға тырысатынын айтты.

Спикер атап өткендей, үй карантиніндегі барлық алматылықтар өзін-өзі оқшаулау шарттарын қатаң сақтамайды. «Қызыл» және «сары» мәртебесі бар азаматтар көшеге шығып қана қоймай, сауда-ойын-сауық орталықтарына, кинотеатрларға, мейрамханаларға кіруге және тіпті әуе сапарларын жасауға тырысады.

«Карантин мен оқшаулау режимін сақтау әркімнің азаматтық міндеті. Өкінішке орай, әркім өз  денсаулығы үшін, басқалардың әл-ауқаты үшін жауап беруге дайын емес. 9 сәуірден бастап біз «қызыл» мәртебесі бар 10 777 адамды және «сары» мәртебесі бар 1269 адамды анықтадық. Оның ішінде өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғаны үшін «қызыл» мәртебесі бар 2886 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке  тартылды.  Оларға  30 АЕК мөлшерінде айыппұл  салынды», – деді С. Байғабылов.

Карантинді бұзушылар қоғамдық тамақтану орындарында  жиі кездескен. Бұндай орындарда  «қызыл» мәртебесі бар адамдардың 3210 және «сары» мәртебесі бар адамдардың 417 әрекеті тіркелген.  Ал, қаладағы түрлі  СОО-ға «қызыл» мәртебесі бар 2253 және «сары» мәртебесі бар 276 тұрғын барғаны анықталған.  Қарапайым халық көп баратын  базарларда 769 «қызыл» мәртебесі бар тұрғынның кіруіне жол берілмеді. Ал,  дүкендерде 694 адам анықталды. Алматы әуежайында «қызыл» мәртебесі бар 429 және «сары» мәртебесі бар 49 тұрғын  тіркелген. Оның айтуынша, осы күнге дейін Карантиндік шектеу критерийлерін бұзғаны үшін 747 заңды тұлғаға 260,7 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, Маска режимін бұзғаны үшін 5870 тұрғынға 258,3 млн теңге айыппұл салынған. Әкімшілік соттардың шешімі бойынша қалада карантиндік шараларды қасақана бұзушы  болып табылатын 44  нысанның қызметі тоқтатылды. Тағы жеті іс сотта  қаралуда. Сонымен қатар, қоғамдық көліктерде әуежай мен теміржол вокзалының аумағынан да талаптарды бұзған тұрғындар анықталған.

«7 қыркүйектен 2 қарашаға дейін қоғамдық көліктерге 414 тексеру жүргізілді. Маска режимін бұзғаны үшін 507 автобус жолаушысына айыппұл салынды. Сондай-ақ, әуежай мен теміржол вокзалының аумағында бетпердесіз жүрген 30 адам жауапкершілікке тартылды» , – деп атап өтті С. Байғабылов.

Нұрболат АДЫРБЕК, Алматы